Илья Ильиннің ағасы мен 5 шенеунікке сот үкімі шықты

Илья Ильиннің ағасы мен 5 шенеунікке сот үкімі шықты

Илья Ильиннің ағасы мен 5 шенеунікке сот үкімі шықты
ашық дереккөзі

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин мен өзге де спорт саласындағы шенеуніктер жемқорлық үшін істі болды деп хабарлады turkystan.kz.

«27 мамырда Қызылорда облысында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты сот шешімі шықты. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар облыстық мамандандырылған 5 мектептің директорына 10 және 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды. Олар: Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикибаев», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Жоғарыда аталған тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.