Әлихан Смайылов «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР Үкіметінің басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мұражай кешенін аралау кезінде Әлихан Смайылов экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты.
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені Ақмол кентінде орналасқан.