Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францискпен кездесті

Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францискпен кездесті

Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францискпен кездесті
ашық дереккөзі
Ватиканға ресми сапармен келген Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим Папасы Францисктің жеке қабылдауында болды. Бұл туралы СІМ-нен мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Апостол сарайының Папа кітапханасында өткен келіссөздер барысында Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Рим-Католик шіркеуінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді. Тараптар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібін талқылады. Понтифик Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін ризашылықпен атап өтті. Рим Папасы Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі және съезд жұмысына қатысуы туралы тарихи шешімі ерекше атап өтілді. Министр Папаның сапарын тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азиядан келетін католиктер тағатсыздана күтетінін хабарлады. Бұдан бөлек, М.Тілеуберді Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы (Премьер-Министрі) Кардинал Пьетро Паролинмен және Дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің төрағасы кардинал Мигель Анхель Аюсо Гиксотпен екіжақты келіссөздер жүргізді. Конфессияаралық диалогты дамытуға, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілетуге қосқан қомақты үлесі үшін М.Тілеуберді Мемлекет басшысының атынан М.А. Аюсо Гиксотқа ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.  width=