Қызылордада кене көбейді

Қызылордада кене көбейді

Қызылордада кене көбейді
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында жыл басынан бері кене шаққан 225 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге көп деп хабарлады turkystan.kz. Биылғы жылдың 5 айында аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына байланысты 4 ықтимал жағдай тіркелді. Оның 1-еуі эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық жолмен нақтыланды. Қалған 3-еуі диагнозы зертханалық қорытындыларының теріс болуына байланысты өзгертілді. Былтыр кенеден жұғатын ауру 12 адамнан анықталған.
«Сәуір айынан басталған кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының бірінші кезеңі 4 маусымда аяқталады деп жоспарланған. Жүргізілген мониторинг кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігі 95 пайыздан жоғары деңгейде екендігін көрсетті», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
  Бүгінгі күні облыс бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қатысты медициналық мекемелерде ауыратын науқастарды емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар жеткілікті. Сондай-ақ, иммунды плазма, қажетті дәрі-дәрмектер, қан және қан алмастырғыштар, қорғаныс заттары, залалсыздандыру заттары және өзге де қажетті құрал-жабдықтар қоры жасақталған.