А.Оралов: «Конституцияға енгізілетін өзгерістер әрбір қазақстандықтың өміріне әсер етеді»
А.Оралов: «Конституцияға енгізілетін өзгерістер әрбір қазақстандықтың өміріне әсер етеді»
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Павлодар облысында зиялы қауыммен, ауыл жастарымен, зауыт жұмысшыларымен, ҚХА өкілдерімен, спортшылармен, БПҰ төрағаларымен және партия активімен бірқатар кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz.
Өз кезегінде, биология пәнінің жас маманы Бөгембай Бахитденов азаматтардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуын күшейтуге бағытталған Президент ұсынған реформалар бағытын толығымен қолдайтынын атап өтті.
«Мен 5 маусымда сайлау учаскесіне барамын. Өйткені біз, жастар, барынша белсенділік танытып, өзіміздің азаматтық борышымызды орындауымыз керек деп санаймын», - деді Бөгембай Бахитденов.
Баянауыл ауданының зиялы қауым өкілдерімен кездесуде жергілікті тұрғындардың референдумға ұсынылған түзетулердің мәні туралы толыққанды хабардар екені айтылды.