5 аймақта ескерту жарияланды

5 аймақта ескерту жарияланды

5 аймақта ескерту жарияланды
ашық дереккөзі

31 мамыр - 2 маусым аралығында Алматы облысының тау және тау етегіндегі аудандары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда жауын-шашынға байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал деп хабарлады turkystan.kz.

31 мамырда Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында 17-22 м/с, облыстың шығысында екпіні 24-29 м/с. Талдықорған қаласында 31 мамырда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. 31 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Қарағанды қаласында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Жезқазған қаласында 31 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 31 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Петропавл қаласында 31 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетуі мүмкін.