Такси жүргізушісі клиент кеудесіне бұрағыш тығып өлтірді

Такси жүргізушісі клиент кеудесіне бұрағыш тығып өлтірді

Такси жүргізушісі клиент кеудесіне бұрағыш тығып өлтірді
ашық дереккөзі
Алматы облысында клиентті бұрағышпен өлтірген такси жүргізушісі ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. 29 мамырда дене жарақаты бар 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ол тұрғын үйдің кіреберісінде шлагбаумның жанында жатқан. Оны қаскөй кеуде тұсынан үшкір затпен ұрып өлтірген.
«Тексеріс кезінде қылмыс жасаған такси жүргізушісі ұсталды. Ол клиентпен жанжалдасқан. Содан монтаждық бұрауышпен кеудесінен ұрған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен», - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары күдіктіні үйінен ұстады. Бұрын сотталған 45 жастағы ер адам қамауға алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапта сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.