ШҚО-да туғаннан құжатсыз жүрген келіншек анықталды

ШҚО-да туғаннан құжатсыз жүрген келіншек анықталды

ШҚО-да туғаннан құжатсыз жүрген келіншек анықталды
ашық дереккөзі

ШҚО-ның 24 жастағы тұрғыны жеке куәлік алды деп хабарлады turkystan.kz. 

Өскемен қаласындағы "Ана Үйі" қоғамдық қорының "Аналар үйі" орталығында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 24 жастағы әйел тұрады. Оның туу туралы куәлігі де жоқ. Әйел ШҚО Шемонаиха ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасқаннан кейін анасымен бірге Өскеменге көшіп келген. Мектепті бітіргеннен кейін жұмыс істемеген, анасының қамқорлығында болған.
Өзі 18 жасында босанған. Ал анасы қайтыс болғаннан кейін баласымен бірге өмір сүретін қаражаты болмаған соң қиын жағдайға тап болған. Қазір оның қызы 7 жаста және 3 жылдан аса уақыт балалар үйінде тұрады. Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері дағдарыс орталығының қызметкерлерімен бірге ҚР азаматы екенін растау, туу туралы куәлікті қалпына келтіру және жеке куәлікті ресімдеу үшін әйелге қажет құжаттарды жинауға көмектескен. Енді ол жұмысқа орналасып, қызымен бірге тұра алады.