Жаңалықтар

Е. Қошанов: Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді

ашық дереккөзі

Е. Қошанов: Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді

Палата спикері алдымен Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті. Жиында Ерлан Қошанов еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында Маңғыстау өңіріне арнайы келгенін айтып, алдағы референдумның мән-маңызына ерекше тоқталды. Мәжіліс Төрағасы маңғыстаулықтардың Президенттің саясаты мен жаңа бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүргеніне назар аударды. «Ел алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін халқымызға ауызбірлік керек. Ендігі кезекте Президентіміздің жанына топтасып, ел өміріне оң өзгеріс әкелетін реформаларды жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз. Осы орайда, маңғыстаулық азаматтарымыздың Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз», – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс Төрағасы Президент реформаларының басым бағыттарын түсіндіріп, жаңа нормаларға жайлы кеңірек айтып берді. «Партияларды тіркеу талаптарының төмендеуі – жаңа саяси бірлестіктердің пайда болуына жол ашады. Мұның бәрі елдің саяси өмірін жандандыратыны сөзсіз. Парламенттегі талқылау да қыза түсері анық. Мемлекет басшысының пікірталас көшеде емес, Мәжіліс пен мәслихатта болуы керек деген сөзі іс жүзіне асуда. Енді өз күшіне сенген адамның мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы депутат болуына мүмкіндігі бар. Маңғыстауда ондай азаматтар жеткілікті деп ойлаймын», – деді Палата Спикері. Кездесуде Палата спикері Маңғыстау өңіріндегі бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Олар – ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыссыздық, жем-шөп тапшылығы және тағы басқа әлеуметтік жайттар. Ерлан Қошановтың айтуынша, облыстың ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы Президентіміздің ерекше назарында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр өңір дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданған. «Бір ғана кешенді жоспардың аясында аймақта біраз ірі мәселе шешімін тапқалы отыр. Ендігі негізгі міндет – оны толық іске асыру. Бұл Мәжіліс депутаттарының, «AMANAT» партиясының бақылауында болады. Қажет болған жағдайда Парламенттік тыңдау өткіземіз», – деді «AMANAT» партиясының Төрағасы. Ерлан Қошанов партияның жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын екенін айтып, оның қатарына мемлекетшіл азаматтар келуі керектігіне ерекше мән берді. Сөз соңында Ерлан Қошанов облыс жұртшылығына республикалық референдумға белсенді атсалысуға шақырды. Сонымен қатар Палата спикері жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының жұмысымен танысып, Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Онда көпбалалы аналар мәселесін талқылап, оларды толғандырып отырған ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Сапар барысында  Мәжіліс Төрағасы Ш.