Өскемендегі пәтерде газ жарылды (ВИДЕО)

Өскемендегі пәтерде газ жарылды (ВИДЕО)

Өскемендегі пәтерде газ жарылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін Өскеменде Славский жағалауы көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, 13 адам эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1-қабатта орналасқан пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.
«1989 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жарылыс салдарынан бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі пәтерлердің терезесі сынған. Жарылыс болған және іргелес пәтерлердің бөлмеаралық қабырғалар, бірінші қабаттағы кіреберіс есік зақымданды», - делінген хабарламада.
Жарылыс болған үйдің 4 подъезінен 17 адам өз бетінше шығып, 2 адам эвакуацияланды. 3 подъезден 11 адам эвакуацияланды. Оқиға болған жерде ТЖД-нің 25 қызметкері жұмыс істеп жатыр және 7 техника жұмылдырылды.