Жаңалықтар

Петропавлда бойжеткен он екінші қабаттан секіріп кетті

ашық дереккөзі

Петропавлда бойжеткен он екінші қабаттан секіріп кетті

Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. «30 мамыр таңғы 5-тер шамасында полицияға Жамбыл көшесіндегі үйдің 12-қабатынан қыз құлап кеткені туралы ақпарат түскен. 17 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада. Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.