Жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ҰҚТ құрықталды деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысын жалғастыруда.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. 2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды», - делінген хабарламада.
Күдікті үйқамаққа алынды. Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.