Мұрат Бектановты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Мұрат Бектановты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Мұрат Бектановты қамауға алу мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін қамауда болады. Бұл туралы Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Экс-министр Мұрат Бектанов 20 маусымға дейін тұтқында болады. Қамауда ұстау мерзімі Алматы қаласының ауданаралық тергеу сотының шешімімен тағы бір айға ұзартылды. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын, - деді Орынбасаров.
Еске сала кетсек, 9 қаңтар күні Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алды. 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған болатын.