ТЖМ: кран құлаған көпқабатты үйге қатысты тексеру аяқталды

ТЖМ: кран құлаған көпқабатты үйге қатысты тексеру аяқталды

ТЖМ: кран құлаған көпқабатты үйге қатысты тексеру аяқталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінде болған төтенше оқиғаны тексеру аяқталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылғы 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде (бас мердігер «Intex contract» ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны «Көркем Тауэр» тұрғын үй кешенінің 6-қабатындағы пәтердің терезесін сындырған болатын. «Стройкласс-Механизация» ЖШС барлық мүдделі тараппен бірге комиссия құрды. Комиссия, оқыс оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады» , - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кран иесіне айыппұл салынды.
«Сонымен қатар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері кранның иесін қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты», - делінген мәліметте.
Айта кетсек, 28 сәуірде Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің алтыншы қабатына кран құлаған болатын.