AMANAT CUP: Халықаралық пікірсайыста ел намысын қорғайтын жеңімпаздар анықталды

AMANAT CUP: Халықаралық пікірсайыста ел намысын қорғайтын жеңімпаздар анықталды

AMANAT CUP: Халықаралық пікірсайыста ел намысын қорғайтын жеңімпаздар анықталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында «AMANAT» партиясының кубогіне арналған ХХ республикалық пікірсайыс турнирі аяқталды. 6-дан астам елдің қатысуымен өтетін халықаралық пікірсайыс турнирінде ел намысын қорғайтын жеңімпаздар анықталды. Олар - Павлодар облысының «Жас зерттеушілері» және Алматы облысының «Қонаев» командалары. «AMANAT» жастар қанаты ұйымдастырған турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 50-ден астам үздік пікірсайысшылар қатысты. Айта кету керек, турнирді өткізуге ИЫҰ Еуразия өңірлік орталығы мен «Елбасы академиясы» КҚ қолдау көрсетті.  width=
«Турнир алаңында 600 адам арасында үздік атанған қатысушылар пікір таластырды. Біздің қоғам үшін өзекті тақырыптар көтерілді, бұл – алдағы референдум, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, жаңадан құрылған облыстарды ілгерілету, экономика, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және т.б. Біздің дәстүрлі турнир алғаш рет халықаралық форматта өтіп жатқанын атап өткен жөн. Бұл спикерлеріміз үшін басқа елдермен тәжірибе алмасуға және осы бағытта өз шеберліктерін шыңдауға тамаша мүмкіндік. Бізге партияның жастар қанаты ретінде еліміздегі пікірсайыс қозғалысының тұрақты дамуы маңызды», - дейді Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.
«AMANAT CUP» қорытындысы бойынша, қазақ лигасында Алматы облысы бірінші, Ақтөбе облысының командасы екінші орын, Түркістан облысының фракциясы үшінші орын алды.  width= Орыс лигасында бірінші орынды Павлодар облысының командасы, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының пікірсайысшылары, үшінші орынды Алматы қаласы иеленді. Чемпиондар эмоцияларын жасырмай, өз әсерлерімен бөлісті.
«Мұндай турнирлерді өткізу біздің елімізде пікірсайыс қозғалысын дамытуға үлкен көмек болып табылады. «AMANAT» партиясының кубогына жыл сайынғы турнирдің деңгейі жыл сайын өсіп келе жатқаны қуантады. Бұл жолы жеңімпаздар жүлде қоры ғана емес, сонымен қатар халықаралық турнирде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды», - дейді Мұхитжан Ролан.
Айта кетейік, жүлделі орындармен қатар үздік спикерлер үшін жеке марапаттар да табысталды. Қазақ лигасында ол Сандыбек Әлібек, орыс лигасында Мұхитжан Ролан болды. Турнирдің үздік төрешілері Арманов Рүстем болды. Сонымен қатар, арнайы сыйлықтармен «Жеке біріншілік финалистері» Сапаркул Жансая мен Жумартов Марат марапатталды.