«B Turlykhanov Cup» халықаралық турнирі өтеді

«B Turlykhanov Cup» халықаралық турнирі өтеді

«B Turlykhanov Cup» халықаралық турнирі өтеді
ашық дереккөзі
2022 жылдың 2-5 маусымы аралығында Алматы қаласында орналасқан Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында күрес түрлерінен Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Болат Тұрлыханов атындағы «B Turlykhanov Cup»  халықаралық турнирі өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл турнир 2015 жылы  Халықаралық күрес  федерациясының  «United World Wrestling»  (UWW) күнтізбесіне енген. 2022 жылы өтетін жарыстың тағы бір ерекшелігі - «B Turlykhanov Cup»  турниріне халықаралық рейтингтік мәртебесі берілді. Осымен 31-ші рет өткелі отырған турнирге 407 қатысушы тіркелді. Оның  264-і спортшылар 143-і  (UWW) халықаралық күрес федерациясының өкілдері. Сондай-ақ бұл жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100-ден аса мәртебелі мейман келеді деп жоспарланған. Жарысқа Әзербайжан, Бразилия, Чехия, Египет, Үндістан, Қазақстан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Норвегия, Палестина, Словакия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және басқа елдерден спортшылар келеді.