23 жылдан кейін АПЛ-ге оралды
23 жылдан кейін АПЛ-ге оралды
«Уэмбли» стадионында Чемпионшиптің плей-офф кезеңінің финалдық кездесуі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Англия Премьер-лигасының келер маусымына берілер соңғы жолдаманы «Ноттингем Форест» пен «Хаддерсфилд Таун» командалары сарапқа салды.
Маңызды матчта «Ноттингем Форест» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 43-минутта Леви Колвилл өз қақпасына соғып алды.
Осылайша, «Ноттингем Форест» араға 23 жыл салып АПЛ-ге қайта жолдама алып отыр. Олар бұған дейін 1999 жылы АПЛ-да өнер көрсеткен.