167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
ашық дереккөзі
167 бас малды ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. ІІМ Криминалдық полиция департаменті Павлодар облысы ПД-мен бірлесіп ұйымдастырған арнайы операция нәтижесінде Семей қаласында ұрланған 40 бас жылқыны айдап өту кезінде бес адамнан тұратын өңіраралық қылмыстық топ ұсталды. Бұл топтың, сондай-ақ, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында алты мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Олар барлығы 167 бас мал ұрлады. Тінту кезінде күдіктілерден тағы 67 ұрланған жылқы, автокөлік және екі мотоцикл табылды. Топ қатысушылары арасында нақты рөлдерді бөлуді қарастырғаны анықталды. Сонымен бірге ұрланған мал алдын ала союға дайындалған жерге айдалып, етті таныс қасапшыларға сатып отырған. Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша қосымша қылмыстық істер қозғалды, яғни мүлкін тәркілей отырып, ұйымдасқан қылмыстық топты құру, оған басшылық ету және оған қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қаралды.