Павлодарда белгісіз заттан уланған жетінші адам көз жұмды

Павлодарда белгісіз заттан уланған жетінші адам көз жұмды

Павлодарда белгісіз заттан уланған жетінші адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Павлодар облысы Ертіс ауылында белгісіз заттан уланған жетінші адам көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм 28 мамырда Ертіс аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №3 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 48 жастағы ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысы Ертіс ауылында белгісіз заттан жеті адам уланып, бесеуі қайтыс болған. Кейін 1980 жылғы тағы бір азамат ауруханада көз жұмды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, мән-жайды анықтау кезінде марқұмдардың Ертіс ауылының тұрғынында бір ыдыста сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты ішкені белгілі болған. Айта кетсек, полиция қызметкерлері көз жұмған марқұмдардың Ертіс ауданы тұрғынының үйінде бір ыдыста сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты ішкенін анықтады. Ыдыс алынып, сұйықтықтың қалдығына сараптама жасалатын болды. Зерттеу нәтижесі бойынша өлімнің себебі анықталады.