Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды

30 мамыр, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді деп хабарлады turkystan.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 29 мамырдағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 4 адамнан коронавирус анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 745-ке жетті. Сонымен қатар өткен тәулікте 11 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.