Медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалағандар ұсталды (ВИДЕО)

Медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалағандар ұсталды (ВИДЕО)

Медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалағандар ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы, Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп жүргізген операцияның нәтижесінде қылмыстық топты ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Нақтырақ айтсақ, күдіктілер жүйелі түрде Мақтарал және Жетісай аудандарында орналасқан медицина мекемелерінің қызметкерлерінен, олардың қаржылық қызметі туралы мәліметтерін таратып, жала жауып, оны жариялау қаупін төндіріп, ақша бопсалаумен айналысқан. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманбек Сахов айтып берді.
«Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесінің бірінің қызметкері шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер жалған мәліметтерді таратып жариялаймыз, сондай-ақ бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексерулерін ұйымдастырамыз деп бопсалап, 32 миллион теңге талап еткен. Аталған жайт біздің полицейлермен бірден ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі бопсалау» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды», - деді ол.
Қылмыстық топты ұстау және қылмысты ашу мақсатында, Түркістан облысы бойынша ПД КПБ мен ҚР ҰҚКД қызметкерлерінен арнайы топ құрып, кезек күттірмейтін тергеу жұмыстарын жүргізген. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Жетісай қаласындағы кафелердің бірінде ірі көлемде ақша қаражатын бопсалап, алып жатқан Жетісай қаласының тұрғыны ұсталды. Сезіктіден айғақты зат ретінде 32 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.
«Бұдан әрі Шымкент қаласындағы мекемелердің бірінің жанындағы тергеу әрекеттерінің нәтижесінде, ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері, ҰҚКД қызметкерлері және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бірлесіп, екінші күдікті, Мақтарал ауданының тұрғынын ұстадық. Бүгінде 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп түйіндеді сөзін ПД бастығының орынбасары Қ.Сахов.