Жаңалықтар

ҰБТ: 43 талапкер тыйым салынған заттарды қолданбақшы болған

ашық дереккөзі

ҰБТ: 43 талапкер тыйым салынған заттарды қолданбақшы болған

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев талапкерлердің ҰБТ-ға жиі алып кіретін заттар жайында айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.

Ұялы телефон, жасырын камера, микроқұлаққаптар, қағаз шпаргалка, бұл -  ҰБТ-ны оңай тапсырғысы келетін талапкерлердің жиі пайдаланатын құралдары.

«Биыл 18-ші рет өтіп жатқан ҰБТ-ның алғашқы аптасында 22 талапкер тестілеуге кіргізу кезінде, ал 21 талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолдануға тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды», - дейді ол.

Ол ҰБТ-да көшірудің осы аптадағы ең «шығармашылық тәсілдері» туралы айтты.

«Тапқыр тестіленушіміз өзімен бірге кіргізген дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынған. Оның бұл әрекеті біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады. Себебі тестілеудің барлық процесі олардың толық назарында. Сондықтан тест тапсырмасын не олардың үзіндісін аудиториядан шығарамын деп үміттенбеңіз. Еңбек әрқашан ақталады. ҰБТ-ға жақсылап дайындалып, тек өз біліміңізге сенсеңіз, Сізді болашақ жарқын өміріңізде жақсы марапат күтетін болады. Себебі, білім – ең маңызды аспап», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.