Зардап шеккендер бар: Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысты

Зардап шеккендер бар: Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысты

Зардап шеккендер бар: Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысты
ашық дереккөзі

Өскемен қаласында жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты 28 мамырда, сағат 14:20 шамасында тіркелді. TOYOTA көлігін тізгіндеп келе жатқан 40 жастағы ер адам жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан автокөлікті басып озбақ болған.

«Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктегі бес адам, оның ішінде екі бала түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазірг жол-көлік оқиғасына орай сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.