Павлодар облысында бірнеше адам белгісіз заттан уланып көз жұмды

Павлодар облысында бірнеше адам белгісіз заттан уланып көз жұмды

Павлодар облысында бірнеше адам белгісіз заттан уланып көз жұмды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында 7 адам белгісіз заттан уланып, 5 адам қайтыс болды. Бұл туралы Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-еуі үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде 1 пациент аурухананың қабылдау бөлімінде, тағы бір зардап шегуші реанимацияда жан тапсырды. Қазіргі уақытта 1 пациенттің жағдайы ауыр және 1 азамат қалалық №3 ауруханаға ауыстырылды. Ауруханадағы пациенттерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көз жұмған адамдардың денелерінде сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
«27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі - 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ, 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денесі табылды», - деді басқармада.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қаза тапқандардың барлығы бір сыйымдылықта сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты тұтынғанын анықтады.