AMANAT CUP: ХХ республикалық пікірсайыс турнирі басталды

AMANAT CUP: ХХ республикалық пікірсайыс турнирі басталды

AMANAT CUP: ХХ республикалық пікірсайыс турнирі басталды
ашық дереккөзі

М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «AMANAT» партиясының кубогына ХХ республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті. Турнирді партияның Жастар қанаты ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz.

Оған 600-ден астам пікірсайысшы арасынан үздік атанған 50-ден аса жас қатысады. Пікірталас аясында қатысушылар халықтың референдумға қатысуы, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, қоғамдағы отбасы институтын танымал ету, жаңадан құрылған салаларды дамыту және басқа да өзекті тақырыптарды талқылайды.

«Биыл өзекті тақырыптар бойынша қарар ұсынылды. Турнир еліміздегі маңызды саяси оқиға – референдумды талдау алаңына айналады. Барлық облыстардағы үздік дебатерлер Конституцияға енгізілген түзетулер туралы пікір алмасады», - деді «AMANAT» Жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Болатбек Уәлихан.

Пікірсайыс турнирі биыл Ислам ынтымақтастығы ұйымы Жастар форумының Еуразиялық өңірлік орталығымен бірлесіп халықаралық форматта өтуде.

«Халықаралық ұйым бола отырып, біз бауырлас Қазақстандағы жастардың дамуына әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Жоба жастардың шешендік өнер саласындағы білімі мен тәжірибесін арттыруға, олардың өз ойын білдіру дағдыларын жақсартуға бағытталған», - деді ИЫҰ ҚМ Еуразиялық өңірлік орталығы бас директорының міндетін атқарушы Вузал Гурбанов.

Жыл сайынғы турнир қазақ және орыс тілдерінде 52 фракцияның қатысуымен өтеді. Турнир нәтижесінде «үздік спикерлер» анықталады.