Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз өткен

Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз өткен

Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз өткен
ашық дереккөзі
Қазақстандық туристер тауға жорық кезінде Қырғызстан шекарасын заңсыз өткен. Бұл туралы ҰҚК ШҚ Алматы облысы департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Туристер жүрген маршрут: Дулати даңғылы – «Іле-Алатау» МҰТП экопосты - Үлкен Алматы көлі - Космостанция - Турист шыңының солтүстік-батыс беткейі - Проходное шатқалы - Алагир өзенінің оң саласы - Проходная өзені - Проходная асуының кең аңғары.
«2021 жылы шекара қызметі мемлекеттік шекарадан 6 заңсыз өту дерегін тіркеді. Адамдар туристік мақсатта Алматы асуы арқылы Үлкен Алматы шатқалына шыққан. Оған барар жолда мемлекеттік шекарадан 300 метр қашықтықта орналасқан Алматы көліне барған. Көл географиялық жағынан Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан» , - делінген хабарламада.