Жаңалықтар

Елімізде 150-ге жуық науқас коронавирустан емделуде

ашық дереккөзі

Елімізде 150-ге жуық науқас коронавирустан емделуде

28 мамырдағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 150-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап. Індеттен 149 адам емделуде, олардың ішінде 50 пациент стационарда, 99 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом алып жатыр. КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.