Жаңалықтар

Түркіменстан мен Қырғыз елінде ресейлік телеарналар хабар таратпайтын болды

ашық дереккөзі

Түркіменстан мен Қырғыз елінде ресейлік телеарналар хабар таратпайтын болды

Батыстың Ресейге салған санкцияларына байланысты Түркіменстан мен Қырғыз елінде ресейлік «Россия-1»  мен «Звезда» телеарналарының хабар таратуына тыйым салынды деп хабарлады turkystan.kz  interfax.ru сайтына сілтеме жасап. Түркіменстан елдегі ірі лицензияланған байланыс операторы «Ашхабад қалалық телефон желісі» ЖАҚ таратқан ресейлік «Россия-1» және «Звезда» телеарналарының хабар таратуын тоқтатты. Оператор жақын арада резервтік трансляцияны ұйымдастыруға уәде берді. Бұған дейін жұма күні кейбір ресейлік телеарналар Қырғызстанда да уақытша жабылғаны белгілі болды. Онда «Россия-24», «Россия культура» және «Звезда» арналарының хабар таратуы тоқтатылған.  «Бірқатар елдерде жалпыресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулердің қабылдануына байланысты ВГТРК холдингіне қарасты телеарналарының трансляциясы халықаралық спутниктерде біржақты түрде бұғатталды», - деп хабарлады Қырғызстанның «Акнет» телекоммуникациялық компаниясы өз сайтында. Қазіргі уақытта тұрақты сигнал үшін резервтік хабар таратуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді. «Телеарна операторы жағындағы жұмыстар аяқтала салысымен, хабарды көруге болады», - деді «Акнет» компаниясы. Сондай-ақ, «Бірінші арна», RenTV, NTV, STS, TNT, Che, Match және басқа да бірқатар ресейлік телеарналарды көрсету жалғасуда.