28 мамыр: астанада өтетін маңызды іс-шаралар
28 мамыр: астанада өтетін маңызды іс-шаралар
Turkystan.kz 28 мамыр күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынды.
9:00-дe «Тарлан Арена» спорт кешенінде «Спорт – ұлттың денсаулығы» атты Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кубогі үшін шағын футболдан турнир өтеді.
11:00-де Достық үйінде Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы ТҮРКСОЙ мәдениет және өнер қайраткерлерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өтеді.
11.00-де «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ашық есік күнін өткізеді. 14.00-де Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театрында «Арыстан патша» ертегісі ұсынылады.
17.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Классикадан этно-джазға дейін» концерті көрсетіледі.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ұйқым келмейді» драмасы сахналанады.