«Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтті

«Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтті

«Әл-Фараби - Иқбал» халықаралық форумы өтті
ашық дереккөзі
Алматы қаласында өткен форумды Халықаралық Түркі академиясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетімен (COMSTECH) бірлесе ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz. Жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSCTECH) Бас үйлестірушісі Иқбал Чаудхари, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Tүймебаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев және Түркі елдері мен ИЫҰ-ға мүше елдердің гуманитарлық сала ғалымдары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дипломатиялық және депутаттық корпусының қызметкерлері, сарапшылары қатысты. Форум аясында Түркі академиясының әзербайжан тілінде әзірлеген Мұхаммед Икбалдың «Islam Dusuncesinin Rekonstruksiyasi» (Исламдық ойды қайта құру) кітабының, сонымен қатар 2020 жылы Исламабадта өткен әл-Фараби жаһандық форумы материалдарының ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген жинағының, әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактат» атты еңбегінің түрік тілінде жарық көрген нұсқасының (El-Farabi Kitabu’l Musika’l-Kebir) және урду тіліндегі «Икбал энциклопедиясы» атты еңбектің тұсаукесері өтті. Сонымен қатар Академия басшысы Д.Қыдырәлі COMSCTECH) Бас үйлестірушісі Иқбал Чаудхариді Түркі әлемнің ынтымақтыстығын арттырудағы үлесі үшін Түркі академиясының Алтын медалімен марапаттады. 2020 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Тұрақты комитетінің (COMSTECH) ұйытқы болуымен, Пәкістан астанасы Исламабадта әл-Фарабиге арналған ауқымды іс-шара ұйымдастырған болатын. «Әл-Фараби-Икбал» форумы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының VIII самиттіндегі ғылым мен технологияны нығайту жөніндегі тапсырмасы сәйкес ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар пәкістандық қылқалам шеберлері форумға арнайы дайындаған «Ислам каллиграфиясы» атты көрмені тамашалады.