Мәжіліс депутаттары тұрғындарды референдумға қатысуға шақыруда

Мәжіліс депутаттары тұрғындарды референдумға қатысуға шақыруда

Мәжіліс депутаттары тұрғындарды референдумға қатысуға шақыруда
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттары ел тұрғындарын референдумға қатысуға шақыруда деп хабарлады turkystan.kz. Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстау өңіріндегі сапары барысында Маңғыстау теміржолшыларымен кездесті. Депутаттың айтуынша, жүрегі елім, жерім, халқым деп соғатын әрбір азамат Конституциялық өзгерістерді талқылауға белсене араласып, референдумға қатысып, өз таңдауын жасау керек. Теміржолшылар өздерін толғандырған сұрақтарды алға тартып, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жекелеген баптары бойынша ортақ пікірлерін айтты. Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова референдум өткізу халыққа деген сенімнің, азаматтарды мемлекеттік басқару ісіне кеңінен тартудың айқын белгісі десе,  Ақсеңгір ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрсынғали Сарыбаев референдумды толық қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысына барып, Петропавл қаласында зауыт жұмысшылармен кездесіп, Конституциялық реформа төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітті. С.Киров атындағы зауыт - көне кәсіпорындардың бірі. Заманауи техникалық құралдарды өндіреді. Кәсіпорында 500 адам еңбек етеді, олар конституциялық түзетулермен толықтай танысқандарын және қолдайтындарын айтып, референдумға қызығушылық танытты.