Әкім орынбасары 4 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Әкім орынбасары 4 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Әкім орынбасары 4 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына пара алды деген айып тағылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты Мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.