Мәслихат қызметкерінің жалған нөмірмен жүргені анықталды

Мәслихат қызметкерінің жалған нөмірмен жүргені анықталды

Мәслихат қызметкерінің жалған нөмірмен жүргені анықталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында мәслихат хатшысының жүргізушісі облыс әкімдігіне қарасты көлікке жалған нөмір тағып жүрген. Алматы облысының полициясы бұл ақпаратты растады деп хабарлады turkystan.kz.
 «KIA автокөлігінде жалған МТНБ қолдану дерегі расталғанын хабарлаймыз. Қызметтік автокөліктің 45 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 590-бабының 3-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Қызметтік автокөлік арнайы тұраққа қойылды», - делінген хабарламада.