Алматыда 9-сынып оқушысы қайтыс болды

Алматыда 9-сынып оқушысы қайтыс болды

Алматыда 9-сынып оқушысы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Алматыда 17 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы оқиға 27 мамыр күні сағат 11.45 шамасында Еламан ауылындағы №41 орта мектептің маңайында болды. Мопед тізгіндеген оқушы қатты жылдамдықпен көше шетіндегі бордюрға соғылған. Жедел-жәрдем пунктінің фельдшер-дәрігері, мектеп медбикесі оқиға орнына жедел жетіп, оқушыға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсеткен. Бірақ ауыр жарақат алған бала көп уақыт өтпей көз жұмды. «9-сыныптардың емтиханы ертең, яғни 28 мамыр күні басталады. Оқушы сағат 09.00-ден 10.30-ға дейін мектепте болған, ертеңгі емтиханға дайындық сабағына қатысып, 10.30-да үйіне қайтқан. Мектеп әкімшілігі әкесімен сөйлескенде мопедке мінуге баласына рұқсат бермегенін айтқан. Алайда осы уақытқа дейін мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі баланың мопедпен жүргенін көрмегендерін айтты», – деді Білім басқармасы.