Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны рас па?

ашық дереккөзі

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны рас па?

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» желісімен түсті», – деп хабарлады ҚазТАГ ақпарат агенттігі. Еске салсақ, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда іске қатысты тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Сондай-ақ 16 мамырда музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханада жатқаны белгілі болды. Сол арада музей басшысы өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпарат та тарады. Бірақ, Ұлттық музей баспасөз қызметі бұл хабарды жоққа шығарып, ол ауруханаға аяғын емдету үшін жатты деп мәлімдеді.