Алматыда жүйткіген көлік дәмханаға соғылды (ВИДЕО)

Алматыда жүйткіген көлік дәмханаға соғылды (ВИДЕО)

Алматыда жүйткіген көлік дәмханаға соғылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыда жазғы кафеге кіріп кеткен көлік үстел басында отырған әйелді барып соқты деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 24 мамыр күні кешкі сағат 19:47 кезінде болған.
«Төле би көшесі бойымен батыс бағытта, Әуезов көшесінің қиылысында келе жатқан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі солға бұрылып жатып, Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Volkswagen Polo көлігіне соғылған. Volkswagen жүргізушісі көлігін қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалды. Ал соқтығыс салдарынан Toyota Camry автокөлігі инерциямен Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп келіп, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимаратқа кіріп кеткен. Бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомства өкілдері, аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелгенін айтты. Оның нәтижесі бойынша процесуалдық шешім қабылданады.