Жаңалықтар

Жалақысы ең төмен өңірлер аталды

ашық дереккөзі

Жалақысы ең төмен өңірлер аталды

Биыл бірінші тоқсанда елімізде атаулы орташа айлық жалақы 285,4 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,7%-ға артық деп хабарлады turkystan.kz. Ranking.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы ұқсас кезеңде орташа айлық жалақы 230,8 мың теңге болды. Ең жоғары атаулы жалақы дәстүрлі түрде Атырау облысына тиесілі: 477,9 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Мұнда жалақы елдегі орташа көрсеткіштен 67,4%-ға жоғары. Екінші орында Маңғыстау облысы тұр: 416,2 мың теңге, бір жылда 20,9%-ға артқан. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қорытындылайды: 366,5 мың теңге, бір жылда 19,2%-ға өскен. Алматыда орташа айлық жалақы 327,5 мың теңге болды. Ең төменгі атаулы жалақы Солтүстік Қазақстан облысында: 203,4 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық. Бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіштен 28,7%-ға төмен.