Спортшылар Конституцияға енгізілетін түзетулерге қатысты пікір білдірді

Спортшылар Конституцияға енгізілетін түзетулерге қатысты пікір білдірді

Спортшылар Конституцияға енгізілетін түзетулерге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Бүгін «Аманат» партиясының мүшесі, Ұлттық Олимпиада комитеті Бас хатшысынын орынбасары Серік Сапиевтің бастамасымен «MTEX management» және «Қазакстандық спортшылар одағы» үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, Қазақстанның спорт қауымдастығының қатысуымен республикалық референдумды қолдау іс-шарасы өтті. Жиын кезінде белгілі спортшы Серік Сәпиевтың атап өтуінше,  қазіргі таңда әлемдік даму процесі өте жылдам сол себепті дер кезінде маңызды шешімдер қабылдай білу керек.
«Әр елдің конституциянына қажетті өзгерістер енгізіліп тұрады. Биыл біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бізге дер кезінде заман талабына сай өзгерістер енгізу керек. Партия мүшесі ретінде осы бір іс-шараға барлық спорт қауымын жинау қажет деп санадым. Баршаңызды референдумда белсенді болуларыңызға шақырамын», - деді Серік Сәпиев.
 width= Шараға белгiлi спортшылар Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Абзал Ажгалиев, Серік Сапиев, Юсупова Әлия. Василий Левит, Мұхтархан Ділдәбеков, Әділбек Ниязымбетов, Асхат Жіткеев, Серік Елеуов, Елена Хрусталева, Айдар Махметов, Марина Вольнова, Дмитрий Карпов, Бiржан Жакыпов, Юлия Галышева Ұлттық паралимпиада комитетінің, республикалық федерациялардың және спорт ұйымдарының басшылары қатысты.  width= Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек келер референдумдағы спорт қауымдастығының рөлінің маңыздылығын айтты.
«Белгілі спортшыларға қарап түзелетін адам көп. Сондықтан да сіздер жауапкершілікті ала отырып,  көпшілікті конституциялық референдумға шақырады деген сенімдемін. Жалпы, бұл өзгерістер ең алдымен елге керек. Жаңа конституциямыз әр азаматтың мажоритарлық жүйеде сайлауға түсуіне мүмкіндік береді. Ел халқының азаматтары билік жұмысына тікелей атсалыса алатын болады», - деді Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек.
 width=