Досын өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Досын өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Досын өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Маңғыстау облыстық соты досын пәтерде пышақтап өлтірген қылмыскерді 9 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға өткен 2021 жылы 3 қараша күні сағат 18.00 шамасында болған. М. есімді азамат Ақтау қаласындағы үйінде танысымен ішімдік ішіп, кейін араларында жанжал туындаған. Артынша қылмыскер жанындағы серігінің кеудесіне пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші сол жерде көз жұмды. Сот үкім заңды күшіне енді.