«Боко Харам» ұйымына қарсы әскери операция жүргізілді

«Боко Харам» ұйымына қарсы әскери операция жүргізілді

«Боко Харам» ұйымына қарсы әскери операция жүргізілді
ашық дереккөзі
Нигердің оңтүстік-шығысындағы операцияда «Боко Харам» ұйымының 40-қа жуық мүшесі өлтірілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әл-Каида және ДАИШ-пен байланысы бар лаңкестік топтар Буркина-Фасо мен Нигерде жиі шабуылдар жасайды.

Нигер қарулы күштер мәлімдемесінде мамырдың 24-інен 25-іне қараған түні елдің оңтүстік-шығысындағы Диффа аймағында «Боко Харам» мүшелеріне қарсы әскери операция жүргізілген. Нәтижесінде ұйымның 40-қа жуық мүшесі өлтіріліп, көп мөлшердегі әскери оқ-дәрілер тәркіленді.

БҰҰ дерегі бойынша, соңғы 3 жылда Нигердегі лаңкестік әрекеттердің салдарынан 313 мың адам елден қоныс аударса, 235 мың адам көрші елдерді паналауға мәжбүр болған.