Ливиядан шыққан заңсыз мигранттар теңізде 20 сағаттан астам уақыт қалған. Арасында 2 жасар қыз бала бар. Барлық мигранттар құтқарылып, дәрігерлер тексерісінен өтті.
Жыл басынан бері Италияға 16 мың мигрант табан тіреген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.
БҰҰ-ның дерегінше, жыл сайын жақсы өмір іздеп Жерорта теңізі арқылы қауіпті сапарға аттанатын мыңдаған адам жағаға жете алмай опат болады.