«Өңірде пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жерді тәркілеу алгоритмі бар. Соңғы бір жылда 34,8 мың гектар жер қайтарылды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен өткен жиналыс барысында.