Жаңалықтар

Қоғамдық саясат институты: қазақстандықтардың 75,9 пайызы Ата Заңға түзетулер енгізуді қолдайды

ашық дереккөзі

Қоғамдық саясат институты: қазақстандықтардың 75,9 пайызы Ата Заңға түзетулер енгізуді қолдайды

Қазақстандықтардың 75,9 пайызы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген «Referendum: Halyq üni» зерттеуінің қорытындысын жариялады. Қазақстандықтардың 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сонымен, әлеуметтік деректерге сәйкес, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы ҚР Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды: азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1% халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%, суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%, Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%. Сонымен қатар, үгіт науқаны аясында партиялықтар қазақстандықтардың ұсыныстарын жинауға бағытталған республикалық акцияны бастады. Үгіт науқаны басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам талап-тілек келіп түсті. Олардың арасында әлеуметтік және саяси сипаттағы ұсыныстар мен өтініштер басым. Ал қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова референдум өткізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.