БҚО-да біреулер зираттағы ескерткіштерді сындырып кеткен

БҚО-да біреулер зираттағы ескерткіштерді сындырып кеткен

БҚО-да біреулер зираттағы ескерткіштерді сындырып кеткен
ашық дереккөзі
БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш түріндегі белгілерді қиратып кеткен деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 мамыр күні сағат 19.00-де Бәйтерек ауданы Трекин ауылында православ зиратында болған. Анықталғандай, 14 ескерткіш белгі қиратылған.
«Аталған дерек ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді. Қазіргі кезде ҚК 314-бабына (қайтқан адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.
Ауыл тұрғындары жедел қимылдаған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.