Өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус анықталды

27 мамыр, 2022 / Інжу Әлихан
ашық дереккөзі
Өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус анықталды Соңғы  тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 жағдай тіркелді деп хабарлады turkystan.kz. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 3, Қарағанды және Павлодар облыстарында бір адамнан індет табылған. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 723 жетті.