Елордада әйелдің үстіне баннер құлады

Елордада әйелдің үстіне баннер құлады

Елордада әйелдің үстіне баннер құлады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан баннер құлап, екі адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. Баннер құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Бейбітшілік пен келісім сарайы маңында орын алған. Қатты жел баннерді шамамен 15 метр жерге дейін ұшырған. Салдарынан елорда тұрғыны түрлі дене жарақатын алған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен.
«Зардап шеккен 1 ересек адам мен 1 жасөспірім түрлі жарақатпен көпбейінді қалалық стационарларға жеткізілді. Оларға қабылдау бөлімі деңгейінде аурухана мамандары бүкіл қажетті медициналық көмекті көрсетті», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Басқарма мәліметінше, зардап шеккен әйелдің жағдайы бірқалыпты.
«Науқас ауруханада толық сауыққанға дейін стационарлық ем қабылдайды. Жарақат алған жасөспірімді мамандар қарап шықты. Медициналық тексеру кезінде науқастың жағдайы орташа, асқыну болмады. Дәрігерлер толық тексеру жүргізді», - делінген хабарламада.