Il Foglio: «Маша мен аю» - Путиннің агенттері

Il Foglio: «Маша мен аю» - Путиннің агенттері

Il Foglio: «Маша мен аю» -  Путиннің агенттері
ашық дереккөзі

Ресейдің «Маша мен аю» мультфильмінің өскелең ұрпаққа ықпалы Батыс басылымдарын алаңдата бастады. YouTube-тағы қаралым саны бойынша "Маша мен ботқа" сериясы 6-орынға жайғасқан, деп хабарлайды Дни.ру.

Батыста кең танылған орыс мультфилімінің кейіпкерлерін Ресей президенті Владимир Путиннің агенттері деп атап кеткен. «Олар ресейлік құндылықтар мен жетістіктерді дәріптейді» деп жазады итальяндық Il Foglio басылымының тілшісі.  Оның пікірінше, тек осының арқасында анимациялық сериалға мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр.

Журналист Путиннің бұл жобаны «Ресей мәдениетін дамыту және шетелдік ықпалды кеміту» мақсатында қаржыландырғанын еске салған. Шетелдік басылым мультфильмнің тағы бір «тыңшылық» қырын көрсеткен: Ресеймен байланыстырылатын аю бейнесі  жағымсыздық туғызғанымен, өскелең буын оны кішкентай қыздың мейірімді көмекшісі деп ұғады. «Спанч Боб» секілді батыстық мультфильмдерге қарағанда «Маша мен аю» дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттайды» деп атап өткен автор.