Жол апатына ұшыраған мектеп түлектерінің жағдайы белгілі болды

Жол апатына ұшыраған мектеп түлектерінің жағдайы белгілі болды

Жол апатына ұшыраған мектеп түлектерінің жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзі
Маңғыстауда жол апатына түскен түлектердің екеуі облыстық балалар ауруханасында ауыр жағдайда жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, балалардың бірі травматология бөлімінде жатыр. Қыздың жамбас сүйегі сынған, жағдайы – ауыр.
«Ер бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Басына қан құйылған, жағдайы – өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деді басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 25 мамырда Маңғыстау облысында жол апаты болып, 7 адам зардап шекті. Екеуі санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілсе, қалған бесеуіне аудандық аурухананың травматология бөлімінде медициналық көмек көрсетілді. Тағы да оқи отырыңыз: Көлік аударылып, 7 мектеп түлегі зардап шекті