Жазушы Торғын Жолдасбекқызы қайтыс болды

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы қайтыс болды

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден озды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қараторғай, бақұл бол! Бұрымды қыз артына бұрылмай арғы дүниеге аттаныпты. Қимастық кеудені кеулеп барады. Торғынның тағдыры – адамзатқа өмірдің мәнін ұқтыру болған секілді. Жанынан кешкен жазушы бар болмысымен, шынайы қалпында ғұмыр кешуді үйретіп кетті. Адам бойындағы қасиет әр түрлі ситуацияда ашылады. Генетикалық аутоиммундық дертке шалдыққан Торғынның миллиардтаған бұлшық ет талшықтары күн өткен сайын өліп жатты. Торғын – сол аурудан өмірдің мәнін тапқан жазушының бірі: отбасылы болды, радиода авторлық хабарын жүргізді, Facebook пен медиа арқылы елге танылды. Жүруден қалып, арбаға таңылған арудың «Араша» кітабы жарыққа шыққан, жақында фэнтези жанрындағы «Кеш қалма» кітабының тұсауы кесілді. Сол кітапқа редакторлық жасаған едім. Ауру меңдеп, торыққан сәтте түс көруі – оның өмірі мен сана-сезіміне үлкен өзгерістер енгізді… Тағдыр Торғынға қалам сыйлады…», – деп жазды  Facebook-тегі парақшасында Дәурен Дариябек.
Жазушы «Араша» және «Кеш қалма» кітаптарын жазған. Оның жүзге жуық шағын әңгімелері түрлі басылымдарда жарыққа шыққан. Соңғы шығармалары жазушының өмір жолындағы естеліктері мен әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Торғын Жолдасбекқызының артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды.