Дөрекі әкім қатаң сөгіс алды

Дөрекі әкім қатаң сөгіс алды

Дөрекі әкім қатаң сөгіс алды
ашық дереккөзі

Павлодар облысында ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлескен әкім жазаланды деп хабарлады turkystan.kz.

Әкімнің ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлескен сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алып, Instagram-да жариялап жіберген. Осы видеодан кейін әкімге қатысты тәртіптік іс қозғалады.
«Тұрғындарымен өткен жиында Кенжебек Дүйсенбаев тұрғындармен дөрекі сөйлескен. Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Баянауыл ауданының әкіміне, аудан әкіміне Қ.Дүйсенбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы хат жолданды» , - деді Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері департаменті.
Әдеп кеңесінің отырысында ауыл әкімі әдепсіз әрекетке барғанын мойындап, кешірім сұрады.
«Менің қателігімді, эмоциямды тежей алмағанымды мойындаймын. Кешіріңіздер. Бұл әрекет енді қайталанбайды» , - деді әкім.